Дияр Нұрғожай UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Лас-Вегаста өткен UFC 326 турнирінде қазақстандық ММА жауынгері Дияр Нұрғожай бразилиялық Рафаэль Тобиасты жеңді, деп хабарлайды Sport+.
Жекпе-жек толық қашықтыққа созылып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды.
Бұл жеңіс Дияр үшін әлемдегі ең мықты лига — UFC-дегі алғашқы жеңісі болды. Енді Нұрғожайдың бұл лигадағы рекорды — 1:2.