NAIZA жаңа таланттарды іздеуді жалғастыруда. NAIZA Jekpe Jek турнирінің трансляциясы
13 наурыз күні Sport+ телеарнасында NAIZA Jekpe Jek турнирінің кезекті шығарылымының премьерасы көрсетіледі.
Турнир аясында Орталық Азия елдерінен шыққан файтерлер қатысқан төрт жекпе-жек өтті.
65,8 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Абдулхаеб Мухаммад Халид пен Сохибжон Бойматов (екеуі де — Өзбекстан), сондай-ақ Шохзод Ахмедов (Өзбекстан) пен Асылбек Есболат (Қазақстан) октагонда кездесті.
77,1 кг дейінгі салмақта қазақстандық дерби — Олимжон Раисов пен Мухаммад Шоев арасындағы жекпе-жек өтті. Сонымен қатар Аян Мырзаш Бахтийоре Ергашевпен (Өзбекстан) күш сынасты.
Трансляцияның басталуы — 18:00. Көрсетілім Sport+ телеарнасында және sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.