logo

Қазақстандық спортшы Франциядағы турнирде екі күміс жүлде жеңіп алды

Қазақстандық спортшы Франциядағы турнирде екі күміс жүлде жеңіп алды

Қазақстандық жүзуші Әділбек Мусин Францияның Кан-ан-Руссийон қаласында өткен беделді халықаралық турнирде екі бірдей жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарыстың алғашқы күні Мусин 100 метр қашықтыққа баттерфляй әдісімен жүзуде екінші нәтиже көрсетті.

Кейін ол 50 метр қашықтыққа баттерфляй әдісімен жүзуден де финалға өтіп, осы бағдарламада күміс медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, бұған дейін Әділбек Мусин ел чемпионатында 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Қазақстанның жаңа рекордын орнатқан болатын.



Күн шежіресі