Қазақстандық мергендер Италиядағы турнирде жүлдеге ие болды
Стенд атудан Италияның Тоди қаласында өтіп жатқан Green Cup халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Скит микс» жаттығуында Эдуард Ещенко мен Диана Сабекова жұбы үздік үштікке еніп, қола жүлдегер атанды. Ал «трап» жаттығуы бойынша қазақстандық Виктор Хасянов чемпион атанды.
Айта кетелік, турнирде жүлде алған Эдуард Ещенко Париж Олимпиадасына іріктеуден өткен.
Тоди қалсындаңы турнир 22 мамыр мен 9 маусым аралығында өтіп жатыр.
Жарысқа әлемнің 20 мемлекетінен 350 спортшы қатысуда.