Қазақстандық мергендер алғашқы айналымды аяқтады
Париж Олимпиадасында садақ атудан рейтингілік раунд аяқталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz cайтына сілтеме жасай отырып.
Спорттың бұл түрінен Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай және Александр Еременко сынға түсуде.
Қазақстандық садақшылардың нәтижесі төмендегідей:
Ильфат Абдуллин - 29 орын;
Дәулеткелдi Жаңбырбай - 22 орын;
Александр Еременко - 59 орын.
Енді турнир кестесі жасақталып, 1/32 айналымда кездесетін қарсыластар анықталады. Барлығы 64 спортшы жүлдеге таласуда.
Айта кетейік, садақ атудан Қазақстан командасы Париж Олимпиадасында сынға түскен алғашқы отандық атлеттер саналады.