Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Диас Жиренбаев Бейжіңде (Қытай) өтіп жатқан іріктеу турнирінде Олимпиада жолдамасын ала алмады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ерлер арасында өткен жекелей сайыста Диас жалпы есепте 189.14 ұпай жинап, 14-орынға тұрақтады. 2026 жылғы Олимпиадаға бес үздік спортшы ғана жолдама алды.

Жолдама иегерлері:

1. Петр Гуменник (Ресей) — 262.82

2. Ким Хен Гем (Оңтүстік Корея) — 228.60

3. Донован Каррильо (Мексика) — 222.36

4. Кирилл Марсак (Украина) — 217.57

5. Ли Юйсян (Тайбэй) — 216.98