«Қайрат» футбол клубы Премьер лигадағы төрелікке шағымданды
Алматылық «Қайрат» футбол клубы Қазақстан Премьер лигасының 7-туры аясында өткен матчтағы төрелік сапасына наразылығын білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
4 мамырда «Қайрат» өз алаңында «Атырауды» қабылдаған еді. Бұл ойында 1:0 есебімен алматылық команда жеңіске жетті.
«Қайрат» футбол клубы 2024 жылғы 4 мамырда «Атырау» футбол клубына қарсы өткен Премьер-лиганың 7-турындағы матчтағы төрелік сапасына алаңдайды.
Осыған байланысты Қазақстан футбол федерациясына осы оқиғаны объективті тексеруді талап етіп, ресми шағым жіберілді. ҚФФ бұл мәселені тез арада қарап, тиісті шара қабылдайды деп күтеміз», - делінген «Қайрат» командасының Instagram желісіндегі жазбасында.