Қазақстандық маман РПЛ клубында жұмысқа орналасты
«Қайраттың» бұрынғы қызметкері Виктор Павленок Тольятти қаласының «Акрон» клубымен еңбек келісімшартына қол қойды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ресейлік клубта қазақстандық маман негізгі команда үшін португал және испан тілдерінен аудармашы қызметін атқаратын болады.
Виктор Екібастұз футболы және «Оле Бразил» бағдарламасының түлегі. Кәсіби деңгейде астаналық «Бәйтерек» және «Екібастұз» командаларында ойнаған.
Виктор 2017 жылы алматылық «Қайратқа» испандық жаттықтырушы Карлос Алос Феррердің шақыруымен аудармашы ретінде жұмысқа қабылданған. Содан бері аудармашы қызметінен бөлек, Алексей Шпилевский, Құрбан Бердыев, Кирилл Кекер және Александр Кержаковтың кезінде негізгі команданың әкімшісі ретінде де жұмыс істеген.