Қазақстандық конькиші төрт құрлық чемпионатында күміс жүлде жеңіп алды
Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының спортшысы Надежда Морозова Жапонияның Хатинохе қаласында өтіп жатқан төрт құрлық чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport +.
Қазақстандық спортшы Надежда Морозова төрт құрлық чемпионаты аясында 1000 метр қашықтықта сәтті өнер көрсетті.
Надежда Морозова бұл қашықтықты 01:17.16 уақыт көрсеткішімен бағындырып, күміс жүлдені жеңіп алды.
Бұл бәсекеде бірінші орынды америкалық Бриттани Боуи (01:15.65) иеленсе, үшінші орын АҚШ спортшысы Кими Гетцке (01:17.23) бұйырды.