Қазақстандық клуб еуропалық чемпионаттардан екі шабуылшыны қатарына қосты
«Алматы» хоккей клубының құрамы Владислав Туник пен Виталий Карамнов есімді шабуылшылармен толықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Өткен маусымды Владислав «Istanbul Büyükshehir» хоккей клубында өткізді, онда 15 матчта 69 ұпай (36+33) жинады.
Виталий 23/24 маусымын румындық «Háromzéki Ágyúsok» хоккей клубында өткізді, онда 34 матчта 34 ұпай (15+19) жинады.