Нариман Курбанов пен Милад Карими турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Курбанов тұтқалы ат снаряды бойынша алтынға таласады. Ол іріктеу кезеңінде 15.000 ұпаймен 6-орын алды.
Карими көпсайыстан және еркін жаттығудан финалға өтті. Милад Кариминің нәтижелері:
- көпсайыс – 82.065 ұпай, 18-орын (финалға өтті);
- керме жаттығуы – 12.700 ұпай, 50-орын;
- еркін жаттығу – 14.433 ұпай, 8-орын (финалға өтті)
- шығыршық – 13.000 ұпай, 47-орын;
- қоссырық – 14.366 ұпай, 25-орын;
- қол тіреп секіру – 14.300 ұпай, 12-орын;
- тұтқалы ат жаттығуы – 13.266, 38-орын.
Жекелеген жаттығулар бойынша сегіз гимнаст финалға өтеді.
