Қазақстандық дзюдошы Хорватиядағы Гран-приде жеңіске жетті
Загребте (Хорватия) Гран-при сериясындағы дзюдо турнирінің соңғы жарыс күні басталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сілтеме жасап.
Бүгін жарыста Қазақстанның намысын салмағы 78 келіден асатын Ақерке Рамазанова қорғайды.
Дзюдошы алғашқы жекпе-жекте жеңіске жетті. Ол Марчелина Вранжестен (Хорватия) басым болды.
Жарыстың екінші кезеңінде оған француздық спортшы Корали Хайме қарсы күреседі.