Контиолахтиде (Финляндия) биатлоннан әлем кубогының алғашқы кезеңі аясында ерлер арасында 20 шақырымдық жекелей жарыс өтті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл сында Қазақстан атынан үш спортшы бақ сынады. Ұлттық құрама сапында ең үздік нәтижеге Кирилл Бауэр қол жеткізді. Ол төрт ату айлағында екі нысананы мүлт жіберіп, мәреге 73-ші болып жетті.
Александр Мухин 77-орынға тұрақтаса, Әсет Дүйсенов 88-орынды иеленді.
АҚШ өкілі Кэмпбелл Райт жарыс жеңіпазы атанды. Германиялық Юстус Штрелов күміс жүлдеге қол жеткізсе, Норвегия спортшысы Ветле Шостад Кристиансен үздік үштікті түйіндеді.
Бүгін, 27 қарашада, әлем кубогы кезеңі аясында әйелдер арасында 15 шақырымдық жекелей жарыс өтеді. Контиолахтидегі бәсеке 29 қарашаға дейін жалғасады.
