logo

Қазақстанда алғаш рет жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Қазақстанда алғаш рет жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Сингапурде өтіп жатқан World Aquatics конгресінде Silk Road-2026 жүзуден Әлем кубогының кезеңдері өтетін қалалар жарияланды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бірінші кезең Әзірбайжан астанасы Бакуде өтеді. Одан кейін жарыс Өзбекстанның Ташкент қаласында жалғасады.

Ал соңғы, үшінші кезеңді Астана қаласы қабылдайды. Қазақстан мұндай ірі турнирді алғаш рет өткізгелі отыр.

Жарысқа Олимпиада ойындарының, әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ әлем рекордшылары қатысады.

Әлем кубогының барлық кезеңдерінің нақты өтетін уақыты кейінірек жарияланады.