Қазақстан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды

Оңтүстік Кореяның Куми қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан алғашқы жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+ ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ясмина Токсанбаева 20 шақырымдық спорттық жүрістен қола медаль жеңіп алып, жеке рекорд орнатты — 1:32.15.