Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы Финляндияда қалуды шешті
18 жастар Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Дәулет Нұркенов келесі маусымды да Финляндияда жалғастыруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Иә, «Эссят» жүйесінде келесі маусымда қалуды жоспарлап отырмын. Жасөспірімдер командасында ойнаймын, бірақ басты командада ойнау мүмкіндігі әрдайым бар, бастысы — өзіңді жақсы көрсету. «Барыс» маған хабарласқан жоқ», — деп атап өтті хоккейші.
Дәулет Нұркенов 2020-2021 маусымынан бастап фин клубында ойнайды. Жастар арасындағы әлем чемпионатының «А» тобындағы бірінші дивизионында шабуылшы бес ойында 6 (2+4) ұпай жинап, Қазақстан құрамасының ең нәтижелі ойыншысы атанып, турнирдегі бомбардирлер тізімінде төртінші орынды иеленді.