Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы капитаны «Марсельмен» келісімшартқа отырды
Өскемен хоккейінің түлегі Юрий Сергиенко Францияның «Марсель» клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Sport+.
Қорғаушы ҚХЛ-да 7 маусым өткізген, соңғысы «Барыс» сапында болды. Кейін ол өз бағын Еуропада сынап көруді шешіп, алдымен Словакияда, енді Францияда өнер көрсетуге келді.
Бұрын Қазақстанның жасөспірімдер және жастар құрамасында ойнап, капитандық міндетін атқарған.