logo

Қазақстан хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстан хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді

Хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Крыница қаласында (Польша) өтіп жатқан IA дивизионындағы әлем чемпионатында екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жолы отандастарымыз Польша құрамасымен ойнады. Алғаш болып қарсыластар есеп ашқанымен, қазақстандық хоккейшілер жауап ретінде екі шайба соқты.

Екінші кезеңде екі команда да бір-бір шайбадан енгізді. Ал үшінші кезеңде біздің ойыншылар қарсыластың қақпасына жауапсыз жеті шайба соғып, матчты 10:2 есебімен ірі жеңіспен аяқтады.

Осылайша, Қазақстан құрамасы екі ойынның екеуінде де жеңіске жетті. Бұған дейін олар Венгрияны 5:2 есебімен ұтқан болатын.

Келесі ойында Максим Худяков шәкірттері 21 сәуірде Украина құрамасына қарсы мұз айдынына шығады. Кездесу сағат 19:00–де басталады.



Күн шежіресі