logo

Қазақстан хоккей құрамасы Олимпиада жолдамасынан тыс қалды

Қазақстан хоккей құрамасы Олимпиада жолдамасынан тыс қалды

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы финалдық олимпиадалық іріктеу кезеңінде Словакиямен шешуші ойын өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Кездесу басынан словакиялық хоккейшілер жылдам гол соғу мүмкіндігін іздеді. Нәтижесінде олардың қатарынан Роберт Лантоши 4, Павол Регенда 12-минутта екі шайба соғып кетті.

Екінші кезеңде словакиялық Адам Лишка 30-минутта мергендік танытты. Қазақстандық Никита Михайлис 35-минутта есеп айырмасын қысқартты.

Осылайша қазақстандық хоккейшілер қарсыласына 1:3 есебімен жеңіліп, Олимпиада жолдамасынан тыс қалды. 



Күн шежіресі