logo

Қазақстан волейболдан жастар арасындағы әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды

Қазақстан волейболдан жастар арасындағы әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды

Волейболдан Қазақстан ерлер құрамасы Цзянмэньде (Қытай) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында плей-офф кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Шешуші ойын алдында біздің құрама B тобында бесінші орында тұрған еді. Ал 1/8 финалға тек үздік төрт команда шығады.

Сол себепті Қазақстан құрамасына Оңтүстік Корея командасын жеңу қажет болды.

Кездесу 3:1 есебімен біздің волейболшылардың пайдасына аяқталды. Осылайша қазақстандықтар әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде өнер көрсетеді.