Қазақстан тректегі велоспорттан Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды
Тагайтайда (Филиппин) тректегі велоспорттан Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Құрлықтық турнирде Қазақстан құрамасы алғашқы медалін жеңіп алды.
Отандастарымыз юниор қыздар арасындағы командалық із кесу жарысында алтын медаль иеленді.
Жеңіс тұғырының ең биік сатысына Әнел Тәшбай, Аружан Қабдулова, Виталина Хоружая, Әлия Букаева және Әйгерім Смайлканова көтерілді.
Екінші орынды Тайбэй құрамасы иеленсе, үздік үштікті Өзбекстан құрамасы түйіндеді.