logo

Астана тректегі велоспорттан Қазақстанның қысқы чемпионатын қабылдайды

Астана тректегі велоспорттан Қазақстанның қысқы чемпионатын қабылдайды

Астанада тректегі велоспорттан Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport+.

Жарыс 8-11 қаңтар аралығында ұйымдастырылады.

«Сарыарқа» велотрегі елдің ең мықты шабандоздарын қабылдайды. Олар ұлттық чемпион атағы мен жаңа маусымдағы алғашқы рейтингтік ұпайлар үшін бақ сынайды.

Бәсекелер ерлер мен әйелдер арасында өтеді. Сондай-ақ жарысқа жасөспірімдер де қатысады.



Күн шежіресі