Қазақстан таеквондодан Испаниядағы турнирде төрт медаль жеңіп алды
Таеквондодан Аликанте қаласында (Испания) өтіп жатқан халықаралық Spanish Open турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл жарыста Қазақстан құрамасы төрт медаль жеңіп алды.
Алтын жүлдені Бейбарыс Қаблан (87 келіден жоғары) иеленді.
Азим Ниязов (63 келіге дейін) пен Дамир Шуленов (74 келіге дейін) күміс жүлдегер атанды. Ал Назым Махмұтова (73 келіге дейін) турнирді қола жүлдемен аяқтады.