logo

Қазақстан таэквондодан Гран-при турнирінің іріктеу кезеңін өткізу құқығына ие болды

Қазақстан таэквондодан Гран-при турнирінің іріктеу кезеңін өткізу құқығына ие болды

2026 жылғы таэквондодан Гран-при финалдық кезеңі Алматы қаласында өтеді, деп хабарлайды Sport+ Ұлттық Олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Бұл шешім Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында өткен Халықаралық федерацияның Дүниежүзілік кеңесі отырысында қабылданды.

Қазақстандық делегация дайындаған презентация халықаралық ұйым тарапынан бірауыздан қолдау тапты.

Айта кетейік, бұл турнирді өткізу құқығы үшін 18 ел бақ сынаған. Келесі жылы Қазақстан астанасында әлемнің ең мықты таэквондошылары жиналады. Гран-при жарысында 2028 жылғы Олимпиада ойындарына жолдамалар сарапқа салынады.