Қазақстан құрамасының экс-ойыншысы Маклюков «Металлургпен» келісімшартын ұзартты
«Металлург» Алексей Маклюковпен келісімшартты 2026–2027 маусымының соңына дейін ұзартқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport+.
Мәскеу маңындағы хоккей мектебінің түлегі бұған дейін «Химик», «Динамо» Балашиха», ХК МВД, Мәскеудің «Динамо» командаларында ойнаған. 2017–2021 жылдар аралығында ол «Барыстың» намысын қорғап, Қазақстан құрамасының құрамында екі әлем чемпионатына қатысқан.
Ағымдағы маусымда Маклюков 40 матчта 8 (1+7) ұпай жинады. Ал ҚХЛ-дағы жалпы көрсеткіші: 515 матч, 90 (14+76) ұпай және «+28» тиімділік көрсеткіші.