Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасын тең нәтижемен бастады
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасындағы алғашқы кездесуін тең нәтижемен аяқтады, деп хабарлайды Sport+.
Торсхавн қаласында өткен Фарер аралдары мен Қазақстан құрамалары арасындағы матч 1:1 есебімен аяқталды.
Қазақстан құрамасы сапынан Темірлан Ерланов мергендік танытып, ұлттық құрамаға маңызды ұпай әкелді.
Келесі кездесуін Қазақстан құрамасы 29 қыркүйек күні сырт алаңда Словакияға қарсы өткізеді.