Президент Кубогының үшінші матчында Қазақстан құрамасы «Амур» Хабаровск командасымен кездесті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бірінші кезеңде алаң иелері бір минут ішінде екі шайба соқты: алдымен Михаил Рахманов, содан кейін Андрей Буяльский ерекшеленді. Екі минут өткен соң Кирилл Панюков Роман Старченконың соққысын қақпаға бағыттап, есепті 3:0-ге жеткізді. Екінші кезеңде қарсылас бір гол соқты. Үшінші кезеңде шайба салынбады. Нәтиже — 3:1, Қазақстан құрамасының турнирдегі екінші жеңісі!

Қазақстан — «Амур» — 3:1 (3:0, 0:1, 0:0)

1:0 — 04:16 — Рахманов (Бреус)

2:0 — 05:21 — Буяльский (Мухаметов, Гайтамиров)

3:0 — 07:31 — Панюков (Старченко, Бекетаев)

3:1 — 27:50 — Брынцев (Барулин, Грачев)

Қақпашылар: Павленко — Бобков

Финалистер «Барыс» — «Лада» матчынан кейін анықталады.