logo

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы үш алтын жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы үш алтын жеңіп алды

Ташкентте өтіп жатқан каратэден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына тағы үш алтын медаль түсті, деп хабарлайды Sport+.

Құрлықтық біріншілікке ересектер арасында алғаш рет қатысып отырған Дайяна Даренская 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда жапониялық Кама Цубасаны жеңді.

Әлем чемпионатының қола жүлдегері Нұрқанат Әжіханов (-75 кг) осыдан кейін татамиге шығып, ирандық қарсыласына еш мүмкіндік бермеді.

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева (+68 кг) тағы бір жапон спортшысы — Сумирэ Сугитуды ұтты.

Бұған дейін Жоламан Биғабыл да алтын жүлде жеңіп алған болатын.



Күн шежіресі