logo

Қазақстан Париждегі Олимпиаданың алғашқы алтынын жеңіп алды

Қазақстан Париждегі Олимпиаданың алғашқы алтынын жеңіп алды

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Олимпиада финалында француздық қарсылас Лука Мхейдзені жеңіп, алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бұл Сметов үшін Олимпиададағы үшінші медаль және бірінші алтын медаль. Бұған дейін ол 2016 жылғы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиадада күміс алды, ал 2020 жылы Токио қаласында қола жүлдеге ие болды.