logo

Қазақстан Париждегі Олимпиада ойындарында алғашқы медалін жеңіп алды

Қазақстан Париждегі Олимпиада ойындарында алғашқы медалін жеңіп алды

Нысана көздеуден Қазақстан командасы Парижде өтіп жатқан 2024 жылғы Олимпиада ойындарында елге алғашқы медалін сыйлады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бұл олимпиадалық бағдарламада елімізді Александра Ле мен Ислам Сатпаев танытты.

Үшінші орын үшін күресте қазақстандық мергендер Германия құрамасына қарсы өнер көрсетті. Ақырында, Олимпиада ойындарының дебютанттары 17:5 есебімен жеңіске жетіп, қола жүлдеге ие болды.

Алтын медаль үшін Қытай мен Оңтүстік Корея командалары сынға түседі.