Қазақстан Орталық Азия чемпионатында үш қарғып секіруден екі медаль жеңіп алды
Ташкентте өтіп жатқан жеңіл атлетикадан III Орталық Азия чемпионатында Мария Ефремова үш қарғып секіруден алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық спортшы 13,33 метр нәтижесін көрсетіп, 13 метрлік межеден асқан жарыстағы жалғыз қатысушы атанды. Ефремова екінші орын алған сингапурлық Тиа Луизе Розариодан 65 сантиметрге озып кетті.
Үздік үштіктің қатарына Қазақстанның тағы бір өкілі Варвара Дмитриева енді. Ол 12,58 метр нәтижесімен қола медальға ие болды.
Үш қарғып секіру. Әйелдер:
1. Мария Ефремова (Қазақстан) — 13,33 м
2. Тиа Луизе Розарио (Сингапур) — 12,68 м
3. Варвара Дмитриева (Қазақстан) — 12,58 м