Қазақстан кубогында үздік семсерлесушілер анықталды

Қарағандыда семсерлесуден ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан кубогы жалғасуда, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Ерлер арасындағы сайыста үздік семсер қаруымен айқасушылар анықталды.
Шығыс Қазақстан облысының спортшысы Кирилл Павлов жеңіске жетті.
Екінші орынға Вадим Шарлаимов (ШҚО) тұрақтады.
Ал үшінші орынға Нариман Уәлихан (ШҚО) мен Никита Жулинский (Шымкент) көтерілді.