logo

Қазақстан кубогында үздік қылышпен айқасушылар анықталды

Қазақстан кубогында үздік қылышпен айқасушылар анықталды

Қарағандыда семсерлесуден Қазақстан кубогы аяқталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жекелей сайыста соңғы медальдар қылышпен қаруымен айқасатын спортшылар арасында сарапқа салынды.

Ерлер арасында Қарағанды облысының өкілі Артем Саркисян жеңіске жетті. Екінші орынды алматылық Жанат Нәбиев еншілесе, қола медаль Артур Чупраков (Шымкент) пен алматылық Бексұлтан Абжалға бұйырды.

Әйелдер арасында өткен сайыста шымкенттік Татьяна Приходько топ жарды. Алматылық Карина Доспай екінші орын алды. Үшінші орынға Әйгерім Сарыбай (Алматы) мен Қарағанды облысының спортшысы Жасмин Қапыджы көтерілді.



Күн шежіресі