Қазақстан гимнастары Францияда жаттығуда
Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасы Францияда жаттығу жиынын өткізуде, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Команда бас бапкері Александр Кимнің айтуынша, спортшылар күн сайын дайындық кезеңінен есеп беріп отыр.
Бір апталық жаттығудан соң спортшылар Олимпиадалық ауылға қоныстанады.
Ал спорттық гимнастикадан жарыс 27 шілде күні басталмақ.