Қазақстан фристайлдан Әлем чемпионатын төрт медальмен аяқтады

Алматыда жасөспірімдер арасындағы фристайлдан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport+.
Қазақстан құрамасы бұл жарыста төрт медаль жеңіп алды.
Могулшы Анастасия Городко команда қоржынына екі жүлде салды. Ол параллельді могулда «алтын», ал могулда «күміс» медаль иеленді.
Юлия Феклистова мен Денис Раструба аралас командалық жарыста екінші орын алды.
Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының өкілі Дінмұхаммед Райымқұлов ӘЧ тарихында ерекше жетістікке жетті. Ол жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тұғырдың ең биік сатысына көтерілген алғашқы қазақстандық атанды.