logo

Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Азия чемпионатының ширек финалына бірінші орынмен шықты

Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Азия чемпионатының ширек финалына бірінші орынмен шықты

Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында топтық кезеңнен сәтті өтті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық құрама төрт кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жетті.

Төртінші ойында қазақстандық су добы шеберлері Таиланд командасынан 22:4 есебімен басым түсті.

Нәтижесінде Қазақстан В тобында бірінші орынға ие болды.

¼ финалда отандастарымыз Өзбекстан құрамасымен кездеседі.



Күн шежіресі