Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен Азия чемпионаты аясында су добы сайысы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан ерлер құрамасы Жапониямен қола жүлдені сарапқа салды.
Шешуші кездесу отандастарымыздың жеңісімен аяқталды. Қазақстан 16:14 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, Таиланд құрамасын жеңген әйелдер құрамасы да қола жүлдеге ие болған еді.