logo

Қазақстан бокс құрамасы ширек финалистер саны бойынша Испаниямен тең

Қазақстан бокс құрамасы ширек финалистер саны бойынша Испаниямен тең

Қазақстан бокс құрамасынан төрт боксшы (ерлер) ширек финалда жұдырықтасады, қос боксшы қызымыз 1/8 финалда енді бағын сынайды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Kazinform агенттігі ширек финалға шыққан боксшылар саны бойынша топ елдер тізімін жасаған. Әзірге Қазақстан құрамасынан ширек финалға 4 боксшы шықса, Өзбекстаннан — 7 боксшы, Испаниядан — 4, Куба мен Франциядан — 3, АҚШ, Доминикано, Бразилия, Әзербайжан, Болгария, Австралия — 2, Жапония, Таиланд, Грузия, Канада, Украина, Филиппин, Замбия, Кабо Верде, Қырғызстан, Мажарстан, Дания, Иордания, Ұлыбритания, Индия, Мексика, Хорватия, Бельгия, Ирландия, Тәжікстан, Италия, Германия, Эквадор, Армениядан бір-бір боксшыдан ширек финалға шыққан.

Айта кетсек, қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарында спорттың 25 түрінен сынға түсіп жатыр. 

Олимпиаданың төртінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 2 қола жүлде бар.

Медальдар кестесінде Қазақстан құрамасы әзірге 16-орында келеді.



Күн шежіресі