logo

Қазақстан әйелдер құрамасы су добынан Азия чемпионатының 1/4 финалына өтті

Қазақстан әйелдер құрамасы су добынан Азия чемпионатының 1/4 финалына өтті

Қазақстан әйелдер құрамасы су добынан Ахмедабадта (Үндістан) өтіп жатқан Азия чемпионатының топтық кезеңіндегі соңғы ойынын өткізді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Отандастарымыз Қытаймен кездесті. Қарсылас құрама 23:6 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, қазақстандықтар үш ұпайға ие болды. 

B тобында қазақстандықтар Таиландқа (12:14) есе жіберді. Содан кейін Гонконг құрамасын (21:10) жеңді. Нәтижесінде ұлттық құрама топтық кезеңде үшінші орынмен ¼ финалға өтті.



Күн шежіресі