logo

«Қазақмыс» командасы Euro Business Cup шағын футбол чемпионатының ширек финалына шықты

«Қазақмыс» командасы Euro Business Cup шағын футбол чемпионатының ширек финалына шықты

Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан Euro Business Cup шағын футбол турнирінде 28 команда қатысуда, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстан атынан турнирге қатысып жатқан «Қазақмыс» командасы топтық кезеңде өзбекстандық CCS Progress-пен (1:1), түркиялық CMS-пен (2:1) және румыниялық Damen Galati командасымен (3:2) кездесіп, екі жеңіс пен бір тең ойын арқылы бірінші орын алып, плей-оффқа шықты.

1/8 финалда «Қазақмыс» Словакияның Schaeffler командасын 4:3 есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Ширек финалда Қазақстан өкілдері Молдова командасы MAIB-мен кездеседі. Ойын 15 қазан күні сағат 13:00-де өтеді. Матчтың тікелей трансляциясы sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.



Күн шежіресі