logo

Қазақ титаны: АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегінде нокаутпен жеңіске жетті

Қазақ титаны: АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегінде нокаутпен жеңіске жетті

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Алмат Жұманов АҚШ-тағы Bare Knuckle FC (BKFC) лигасындағы өзінің дебюттік кездесуін өткізіп, нокаутпен жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Қазақ титаны» лақап атымен танымал файтер америкалық Рэйн Уэллспен рингке шыққан болатын. Жекпе-жек небәрі бірінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды.

Жұманов BKFC лигасымен 2022 жылы келісімшарт жасасып, 2023 жылдың қарашасында алғашқы жекпе-жегін өткізуі тиіс болған. Алайда, спарринг кезінде ауыр жарақат алып, оның жоспарлы кездесуі кейінге қалды.

Айта кетейік, BKFC лигасына келер алдында Жұманов поп MMA-да өнер көрсетіп жүрген.