logo

Қаршыға Даутбек Rizin 47 турнирінде жапондық спортшыны нокаутқа жіберді

Қаршыға Даутбек Rizin 47 турнирінде жапондық спортшыны нокаутқа жіберді

Белгілі қазақстандық нокаутер Қаршыға Даутбек Токиода өткен Rizin 47 турнирінде тәжірибелі жапондық спортшы Тетсуя Секидi айқын жеңiп шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бірінші раундта Қаршыға сол жақ бүйірмен Тетсуяның басына соққы жасап, оны құлатты. Тетсуя тез тұрып, арқанға қарай шегінді. Осы сәтте Даутбек оның бауырына соққы жасады. Секи құлап, жекпе-жекті жалғастыра алмады. Рефери бірінші раундтың 1:47 минутында жекпе-жекті тоқтатты.

Қаршыға Даутбек 13-ші нокауттық жеңісін тіркеді. Оның рекордында 1 сабмишенмен, 1 төрешілердің шешімімен жеңіс және үш жеңіліс бар.

Жапониялық ZST лигасының экс-чемпионы Тетсуя Секи 15 жеңіс және бір тең нәтижемен бірге 10-шы рет жеңіліске ұшырады.