«Қайрат» Данил Устименкомен қоштасты
«Қайрат» футбол клубы 24 жастағы қазақстандық қақпашы Данил Устименкомен қоштасқанын жариялады, деп хабарлайды Sport+.
Данил — «Қайрат» Академиясының түлегі. Негізгі команда сапындағы дебютін 2020 жылы Премьер-лиганың 3-турындағы «Жетісуға» қарсы ойында өткізіп, алғашқы рет қақпасын құрғақ сақтаған.
«Сары-қара» жейдеде Устименко 74 матч өткізіп, оның 26-сында қақпасын голдан қорғап қалды.
Данил — «Қайрат» құрамында екі мәрте Қазақстан чемпионы атанған санаулы ойыншылардың бірі. Сонымен қатар, ол 2021 жылы Қазақстан Кубогын жеңіп алды.