Футзалдан Қазақстан Суперлигасында 15-тур ойындары өтуде. Лига турдың басты кездесуі ретінде Көкшетаудағы «Оқжетпес» пен «Тұлпар» арасындағы солтүстік дербиді атады.
Қос команда да плей-офф кезеңіне жолдама алу үшін қызу күрес жүргізіп келеді. Сонымен қатар олар қысқы Лига кубогына қатысуға мүмкіндік беретін үздік сегіздікке енуге таласуда.
Командалар арасындағы алғашқы кездесу көкшетаулықтардың пайдасына 2:1 есебімен аяқталған болатын.
Матч Астана уақытымен сағат 15:00–де басталады.
Кездесуді Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде тамашалауға болады.
