Қазақстан чемпионы «Ордабасы» футбол клубы 44 жастағы бельгиялық маман Карел Герертспен келісімшарт жасасқанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бельгиялық бапкер футбол жанкүйерлеріне «Брюгге», «Шарлеруа» және Германияның «Шальке» клубтарындағы қызметі арқылы таныс.

Карел Герертс пен «Ордабасы» арасындағы келісімшарт 2024 жылдың соңына дейін жасалған.