Қайрат Ахметов жаңа лигада өнер көрсететіні туралы айтты

Sport+ арнасына берген сұхбатында бұрынғы ONE чемпионатының жеңімпазы, қазақстандық жауынгер Қайрат АхметовАСА лигасына қол қою туралы айтты.
«Мен әлеуметтік желілерде сауалнама жүргіздім, және білесіз бе, көпшілік мені дәл АСА лигасында көргісі келеді екен. Бұл — өте беделді ұйым, қарсыластары да мықты. Мен бұл ұйымды жақсы көремін, бұрыннан-ақ сонда келісімшарт жасағым келді, бірақ белгілі бір қиындықтар болды. Қазір мен — еркін агентпін, біз жеңіл келіссөздер жүргіздік, 99% бәрі дайын, тек келісімшартқа қол қою ғана қалды. Дебют күні? Менің жекпе-жекке шықпағаныма екі жыл болды, және айтқанымдай, мұнда қарсыластар өте мықты. Сондықтан мен жақсы формада болуым керек. Маған бірнеше ай керек, сол себепті жылдың соңына қарай мені көресіздер деп ойлаймын»