Париж Олимпиадасына қатысатын Қазақстан құрамасының ерекшеліктері
Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайтын спортшылардың ең жасы кішісі 17 жаста болса, ең егдесі — 37 жаста.
Ең жас спортшы таеквондошы — Батырхан Төлеуғали. Оның жасы небары — 17 жас. Ал ең егде спортшының жасы биыл 37-ге толып отыр.
Ол — семсерлесу спортынан сынға түсетін Эльмир Әлімжанов.