logo

Париж Олимпиадасы: Ұлттық құрама формасының ерекшелігі неде?

Париж Олимпиадасы: Ұлттық құрама формасының ерекшелігі неде?

26 шілдеде Франция астанасы Парижде XXXIII жазғы Олимпиада басталады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Олимпиадалық форманың дизайны арнайы комиссияның шешімімен бекітілді.

Комиссия құрамына Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, БАҚ өкілдері, қоғам қайраткерлері мен Ұлттық құрама команданың спортшылары кірді. Комиссия екі кезеңге созылған конкурста үш номинация бойынша жеңімпаздарды анықтады:

1. «Салтанатты олимпиадалық форма»
(салтанатты костюм, салтанатты-спорттық костюм) — «Эксклюзив студио» ЖШС;

2. «Спорттық олимпиадалық форма» (спорттық костюм) — Health& Sport ЖШС;

3. «Ту ұстаушыларға арналған олимпиадалық форма» — «Эксклюзив студио» ЖШС.

Салтанатты олимпиадалық форма мен Ту ұстаушыларға арналған олимпиадалық форманың эскиздері отандық дизайнерлердің жасаған туындысы. Сондай-ақ ұлттық мәдениет пен дәстүрді бейнелейтін ұлттық ою-өрнектердің, түстер үйлесімін және басқа да рәміздердің элементтерін қамтиды. 

Олимпиадалық форманы тігу барысында ауа-райына сәйкес келетін, ылғал сіңбейтін жеңіл және ауа өткізетін заманауи жоғары технологиялық материалдар пайдаланылды. 

Олимпиадалық форма жиынтығы ерлер үшін 29 бірліктен, әйелдер үшін 30 бірліктен тұрады.

Ту ұстаушы әйелдердің салтанатты костюміне 2 киім (кешкі көйлек, бас киім — сәукеле) кіреді.
Кескіндемеде салтанатты элементтер қамтылған: ерлер костюмінде ұлттық ою-өрнектер кестеленсе, әйелдер костюміндегі сәукеле жартылай бағалы тастармен безендірілген.

Ту ұстаушы ерлер мен әйелдерге арналған салтанатты костюмдері спорттық жинақылық пен ұлттық эстетикаға негізделе отырып, талғампаздық пен көріктілікті бейнелейді.

Ту ұстаушылардың салтанатты костюмі Олимпиада ойындарының ашылу және жабылу шеруінің салтанатты бөлігіне қатысуға арналған.
Форманы әзірлеу кезінде дизайнерлердің туындысында келесі шарттар ескерілгенін атап өткен жөн:

* басқа елдердің тәжірибесі;

* ұлттық ерекшеліктер;

* заманауи сән трендтері;

* алдыңғы Олимпиадалармен салыстырғанда форманың бірегейлігі;

* Қазақстан туының түсіне тәуелсіз болуы;

* ауа райы жағдайлары;

* ұлттық бас киім «тақия» қосылды.

Олимпиадалық форманы тігу толығымен демеушілер қаражаты арқылы жүзеге асырылды. Демеушінің аты-жөні (өзінің сұрауы бойынша) сондай-ақ қайырымдылық субъектісінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында құпия болып қалады.