logo

Париж-2024: Айдос Сұлтанғали алғашқы белдесуінде қарсыласына жол берді

Париж-2024: Айдос Сұлтанғали алғашқы белдесуінде қарсыласына жол берді

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін грек-рим күресінен жарыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақ балуандарынан екінші болып 60 келі салмақта Айдос Сұлтанғали сынға түсті. Аса тартысты өткен белдесуде Сұлтанғали азулы қарсыласынан 6:3 есебімен ұтылып қалды.

Ол алғашқы белдесуінде екі дүркін әлем чемпионы, әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері, Ханчжоудағы Азия ойындарының жеңімпазы, Азияның 3 дүркін чемпионы қырғызстандық Жоламан Шаршенбековпен белдесті.

Естеріңізге сала кетейік, Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 11 тамызда мәресіне жетеді. Ойындарға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысып жатыр. Олимпиадашылар 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салып жатыр.

Париж Олимпиадасында бүгін, яғни 5 тамыз күні қазақстандық спортшылар стенд ату, жеңіл атлетика, грек-рим күресі секілді 3 жарыс түрінен бақ сынауда.



Күн шежіресі