logo

Өзбекстандық файтер UFC-мен келісімшартқа қол қойғаннан кейін екі апта өтпей жатып ұйымнан шығарылды

Өзбекстандық файтер UFC-мен келісімшартқа қол қойғаннан кейін екі апта өтпей жатып ұйымнан шығарылды

Өзбекстандық файтер Машрабжон Рузибоев, UFC-де бірде-бір жекпе-жек өткізбестен, ұйымнан шығарылды, деп хабарлайды Sport+ «РБ Спортқа» сілтеме жасап.

Машрабжон – 2023 жылдан бері UFC-де өнер көрсетіп жүрген Нұрсұлтан Рузибоевтың інісі. Ол бұған дейін Қазақстандағы Naiza және Oktagon промоушендерінде жұдырықтасқан.

Рузибоев UFC-мен келісімшартқа екі апта бұрын қол қойып, UFC Fight Night 251 турнирінде Джаред Гордонға қарсы дебют жасауы керек еді. Алайда, ол жекпе-жекке аз уақыт қалғанда турнирден шығып, кейін UFC файтерлер тізімінен алынып тасталды.

Машрабжон Рузибоевтың кәсіби рекорды – 16 жеңіс, 3 жеңіліс. Соңғы жекпе-жегін ол 2023 жылдың қазан айында Open FC турнирінде өткізген.



Күн шежіресі